СЫЙЛЫҚТАР ИМПЕРИЯСЫ.
2006 жылдан бері Қазақстанның визит карточкасы
СЫЙЛЫҚТАР ИМПЕРИЯСЫ. 2006 жылдан бері Қазақстанның визит карточкасы
«Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы № 94-V Заңының, «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі № 573 Заңының талаптарын орындау үшін осымен “Империя Подарков KZ» Жеке кәсіпкер сондай-ақ Компаниямен бірлесіп жұмыс жасайтын екінші деңгейдегі банктер мен микроқаржы ұйымдарына www.empire.kz сайты, мобильдік қосымша (ол ғана емес) арқылы немесе менің өзімнің қатысуыммен ұсынылатын немесе кез келген үшінші тұлғалардан алынған менің дербес деректерімді, соның ішінде электрондық, қағаз тасымалдағыштарына және (немесе) басқа тасымалдағыштарға жазып алынған дербес деректерімді (бұдан әрі – «Дербес деректер») өңдеуге келісім беремін, сондай-ақ мен туралы ақпараттың кредиттік бюроларға және мен туралы ақпаратты кредиттік бюролардан берілуіне, соның ішінде кредиттік бюролардан кредиттік есептің берілуіне (оған қоса, алдағы уақытта келіп түсетін есептердің) келісімімді беремін және осындай келісімді бере отырып, өз еркіммен және өз мүддемнің шеңберінде әрекет етіп отырғанымды растаймын.
Осы келісімде банктер және микроқаржы ұйымдары деп келесі банктер мен микроқаржы ұйымдары қабылданады:
— «First Heartland Jusan Bank» АҚ («Jusan Bank» АҚ)
— «Қазақстан Халық Банкі» АҚ;
— «Еуразиялық банк» АҚ;
— «ФРИДОМ ФИНАНС Кредит микроқаржы ұйымы» ЖШС.
— «Home Credit Bank» АҚ
— «Altyn Bank» АҚ
— «Банк ЦентрКредит» АҚ
Келісім шеңберіндегі кредиттік бюролар:
— «Бірінші кредиттік бюро» ЖШС;
— «Мемлекеттік кредиттік бюро» АҚ.
Осы келісім Дербес деректер туралы келесі ақпаратқа қатысты қолданылады:
— тегі, аты, әкесінің аты (соңғысы – бар болған жағдайда);
— туған жылы, айы, күні, жері;
— жынысы;
— төлқұжаттық деректер немесе жеке басын куәландыратын басқа құжаттың деректері;
— байланыс ақпараты (телефон нөмірі, соның ішінде ұялы телефон, үй телефоны нөмірі, электрондық пошта мекенжайы, соның ішінде жеке электрондық пошта мекенжайы, тіркелген мекенжайы, нақты тұратын жерінің мекенжайы);
— жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН);
— төменде аталған мақсаттарға жету үшін өзім мәлімдеген және (немесе) Компанияға/ “Империя Подарков KZ» ЖК/банктерге/микроқаржы ұйымдарына қажет болуы мүмкін басқа мәліметтер.
Дербес деректерді өңдеуге келісім келесі мақсаттарда (оған қоса, бірақ онымен шектелмей төмендегі мақсаттарда) беріледі:
— шарттарды жасасу немесе менің және Компанияның арасында шарттарды жасасу мүмкіндігін және басқа да онымен тікелей байланысты қатынастарды қарау үшін;
— шарттарды жасасу немесе менің және “Империя Подарков KZ» ЖК арасында шарттарды жасасу мүмкіндігін қарау үшін;
- Компанияның тауарын/қызметтерін сатып алу үшін қарыз беруге менің өтінімімді өңдеу мақсатында менің төлем қабілеттілігімді бағалау;
- “Империя Подарков KZ» ЖК-мен шарт жасасу/жасасу мүмкіндігі үшін менің төлем қабілеттілігімді бағалау;
- Компанияның маркетингтік, жарнамалық іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу үшін;
- жасалған шарттар (келісімдер) бойынша міндеттемелер бұзылған немесе даулы жағдайлар туындаған, оған қоса үшінші тұлғалармен даулы жағдайлар туындаған жағдайда Компанияның, “Империя Подарков KZ» ЖК-ң, банктердің, микроқаржы ұйымының құқықтарын сотта және соттан тыс қорғау үшін;
— ҚР заңдарының және басқа да нормативтік құқықтық актілерінің сақталуын қамтамасыз ету үшін;
- маған банктердің, байланыс операторларының және олардың серіктестерінің кеңес беруі, қызметтерін ұсынуы, банктердің Клиентпен шарттарды жасасуы туралы шешім қабылдауы, менің несие қабілеттілігімді бағалау, шарттарды жасасу және орындау, банктердің өз міндеттемелерін ҚР заңнамасына және (немесе) менің және банктердің арасындағы қатынастарымызға қатысты қолдануға болатын шетелдік мемлекеттердің заңнамасына сәйкес банктердің және байланыс операторларының жоғарыда аталған мақсаттарда менің деректерімді үшінші тұлғаларға беру құқығымен орындауы, соның ішінде деректерді трансшекаралық беруді жүзеге асыру үшін.
Осы келісім төмендегілерге беріледі:
1) жоғарыда аталған мақсаттарға жету үшін қажетті менің Дербес деректеріме қатысты кез келген іс-қимылдарды жүзеге асыруға, оған қоса (онымен шектелмей): менің Дербес деректерімді жинауға, жүйелендіруге, жинақтауға, сақтауға, нақтылауға (жаңартуға, өзгертуге), пайдалануға, таратуға, бұғаттауға, жоюға, шетелдік мемлекеттердің аумағында траншекаралық беруге, сондай-ақ менің Дербес деректеріммен қолданыстағы заңнаманы пайдаланып кез келген өзге іс-қимылдарды жүзеге асыруға.
2) маған және менің қаржылық және мүліктік сипаттағы басқа міндеттемелеріме қатысты ақпаратты (соның ішінде алдағы уақытта келіп түсетін) кредиттік бюроға(ларға)/бюродан(лардан) және басқа ұйымдарға(дан) ұсынуға және беруге, сондай-ақ кредиттік бюролардан кредиттік есепті (оған қоса алдағы уақытта келіп түсетін) алуға.
Сонымен қатар осымен келесі іс-қимылдарды жасауға өз келісімімді беремін:
— кредиттік бюроның дербес деректерді және/немесе биометриялық деректерді жинауына, өңдеуіне және банктердің/микроқаржы ұйымдарының дербес және/немесе биометриялық деректерді кредиттік бюроға беруіне;
— кредиттік бюроның мен туралы ақпаратты Мемлекеттік деректер базасынан (бұдан әрі - МДБ), МДБ операторларынан/иелерінен алуына;
— кредиттік бюроның мен туралы МДБ-нан алған ақпаратын банктерге/микроқаржы ұйымдарына беруіне;
— банктердің/микроқаржы ұйымдарының МДБ-нан алынған мен тура
лы ақпаратты алуына;
— МДБ иелерінің мен туралы барлық МДБ-нан алған ақпаратын кредиттік бюроға тікелей немесе үшінші тұлғалар арқылы беруіне;
Осымен мен сондай-ақ менің Дербес деректерімнің жоғарыда көрсетілген мақсаттарға жету үшін «Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталық» РМҚК-на берілуі мүмкін екенімен келісемін.
Келісімнің қолдану мерзімі: келісім берілген сәттен бастап 6 жыл. Дербес деректерді ықтимал сақтау меозімі: келісім берілген сәттен бастап 6 жыл. Дербес деректерді өңдеуге келісімді Дербес деректер субъектісі оның қолдану мерзімінің ішінде кез келген уақытта, Компанияның орналасқан жерінің мекенжайы (Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Шоссейная көшесі, 39/1) бойынша жазбаша өтініш жіберу арқылы қайтарып ала алады.
Дербес деректерді өңдеуге келісім қайтарып алынған жағдайда Дербес деректерді өңдеуді тоқтату және оларды жою аталған қайтарып алуға өтініш келіп түскен күннен бастап 30 күннен аспайтын мерзімнің ішінде жүзеге асырылады.
Келісімді ҚР заңнамасына қайшы келген жағдайларда, сондай-ақ Дербес деректер субъектісі орындамаған Компания және/немесе банктер және/немесе микроқаржы ұйымдары алдындағы міндеттемелері болған жағдайда кері қайтарып алуға болмайды.